Близость слов: Окончание:





Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысы
Редакция 21.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2018 жылғы 13 қарашадағы
 № 746 қаулысымен
 бекітілген 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2019 жылғы № 359 Қаулысымен (13.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.07.2019 жылғы № 521 Қаулысымен (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.11.2019 жылғы № 875 Қаулысына сәйкес (15.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(енгізу тәртібі 2-тармақты қараңыз)
Бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы», «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ» деген сөздер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ЕҰ» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 932 Қаулысымен (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)



Атауы



Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы



Әзірлеу үшін негіздеме



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;



Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган



Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі



Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша.



Мақсаты



Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту



Міндеттері



1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.



2-міндет. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.



3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.



4-міндет. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту.



5-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.



6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.



7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру.



8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.



9-міндет. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу.



10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.



11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.



12-міндет. "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру



Іске асыру мерзімдері



2017 – 2021 жылдар



Нысаналы индикаторлар



Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:



1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады;



2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды;



3) жұмыспен қамтылған халықтың басқа да санаттары құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 9,0 %-дан аспайды;



4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды


Қаржыландыру көздері және көлемі


1) республикалық бюджеттен қаражат:  

2017 жылы – 40 347 965 мың теңге;  

2018 жылы – 66 364 449 мың теңге;  

2019 жылы – 86 280 228 мың теңге;  

2020 жылы – 135 731 397 мың теңге;  

2021 жылы – 80 042 511 мың теңге;  

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер есебінен қаражат:  

2019 жылы – 49 200 315 мың теңге.  

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат: 2020 жылы – 3 000 000 мың теңге.

4) жергілікті бюджет есебінен қаражат:  

2017 жылы – 45 038 436 мың теңге;  

2018 жылы – 45 311 093 мың теңге;  

2019 жылы – 45 453 119 мың теңге.

Полная версия
ИС BestProfi