Близость слов: Окончание:





Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17809 болып тіркелді
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кепілдік шартының нысаны бекітілсін.
2. «Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 320 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15691 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген
Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан __________ негізінде әрекет ететін __________________ бір тараптан, бұдан әрі «Екінші деңгейдегі банк/Микроқаржы ұйымы (қажеттісін таңдаңыз)» деп аталатын «_______» акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі/заңды тұлғаның өзге нысаны (қажеттісін таңдаңыз) атынан ________ негізінде әрекет ететін ____________ екінші тараптан және бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын _________________________________________________________________________ атынан
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.07.2023 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (27.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi