Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 804 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 804 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 804 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары
1. Осы Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
Полная версия
ИС BestProfi