Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2023
Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17813 болып тіркелді
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 118 Қаулысына сәйкес 
Редакция 26.03.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес клиенттердің шоттары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес экономика секторлары және шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын ұстаушылар туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарымен операциялар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің негізгі шоттарындағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бағалы қағаздарының қалдықтары туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес орталық депозитарийдің депоненттері туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес депоненттер мен олардың клиенттері туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылар саны туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарымен мәмілелер туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар туралы есептің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi