Близость слов: Окончание:





Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу және Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17836 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталын қалыптастыруға қойылатын мынадай талаптар белгіленсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысымен (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.06.2021 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жаңадан құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері тиісінше «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағында және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген мөлшерден кем болмайды;
2) сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен):
өзінің атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 3 500 (үш мың бес жүз);
өзінің атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 80 000 (сексен мың);
3) брокерлік қызметтің түрлерін қоса атқарған кезде сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметіне қатысты белгіленген мөлшерлерден кем болмайды.
1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына қойылатын осы талаптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін жарғылық және меншікті капитал деп резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қоса беріліп отырған Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы бар сақтандыру брокерлері 2019 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде өзінің қызметін осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келтірсін.
5. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi