Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2022
Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17897 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрады ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.01.2022 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес 
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.03.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес (08.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2019 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 481 бұйрығымен
бекітілген
Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1. Осы Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес (08.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қатысушының өтінімі – осы Қағидаларға сәйкес электрондық сауда мәмілесін жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын электрондық сауда-саттыққа қатысушының сұйытылған мұнай газын сатуы (сатып алуы) туралы ұсынысы (оферта) немесе электрондық сауда-саттыққа қатысушының сұйытылған мұнай газын сатып алуы (сатуы) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
2) лот – электрондық сауда-саттыққа шығарылатын, бекітілген бірлік болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі;
Полная версия
ИС BestProfi