БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 878 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 18001 болып тіркелді
Редакция 25.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрi - жергілікті атқарушы органдар) есепке алынуға жатады.»;
«2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі»;
«11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту жағдайларымен келіспегені туралы түскен шағымын жергілікті атқарушы органның, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.»;
«3-тарау. Емтихандарды өткізу»;
«4-тарау. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру тәртібі»;
«29. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беру мерзімі емтиханды сәтті тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.»;
«5-тарау. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес (14.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі 2018 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылғы «___» __________
Полная версия