Близость слов: Окончание:





Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 18006 болып тіркелді
Редакция 13.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862
бұйрығына 1-қосымша
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.05.2021 жылғы № 347-НҚ Бұйрығына сәйкес (07.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
3. Қағидалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне таратылады.
4. Ұлттық стандарттау жоспарын (бұдан әрі – ұлттық жоспар) стандарттау жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – ұлттық орган) құрады және уәкілетті орган ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын есепке ала отырып жыл сайын бекітеді.
5. Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда ұсыныстарды жинау және талдау, ұлттық жоспардың жобасын әзірлеу және келісу арқылы жүзеге асырылады және ҚР СТ 1.7 «Ұлттық стандарттау жоспары Әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі» (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде оған техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберілген ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Ұлттық жоспарға енгізілген стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру Заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық жоспар жобасын қалыптастыру
8. Ұлттық жоспарға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар), бюджет қаражаты және қаржыландырудың өзге де көздері есебінен әзірленетін негіз қалаушы стандарттарға сәйкес өткен жылдың ұлттық жоспарынан ауысатын мемлекетаралық стандарттардың екінші кезеңін әзірлеу жөніндегі мәліметтер кіреді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастау туралы ақпарат ұлттық орган мен уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. Ұлттық орган ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастағаны туралы хабарламаны ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне жібереді.
1) мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың ұсыныстары;
2) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің (бұдан әрі – техникалық комитеттер) жұмыс жоспарлары;
3) стандарттау жөніндегі қолданыстағы құжаттарға және ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттіліктеріне алдын ала талдауларды есепке ала отырып, техникалық регламенттермен өзара байланысты стандарттар тізбесін кеңейту;
4) стандарттау саласында жүргізілген мониторинг нәтижелері;
5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де мәліметтер көздері негізінде қалыптастырылады.
11. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұлттық жоспарға енгізу үшін өтінімдерді электрондық құжат немесе электрондық құжаттың (бұдан әрі – өтінім) көшірмесі түрінде жібереді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінімге ҚР СТ 1.7 сәйкес ресімделген түсіндірме жазба ұсынылады:
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі мен орындылығы туралы, оның ішінде стандарттау жөніндегі ұқсас құжаттар қолданылған кезде мәліметтер;
2) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары;
3) стандарттау объектісі және оның сипаттамалары туралы мәліметтер;
4) негізгі нормативтік база (бастапқы дереккөз) туралы мәліметтер;
5) жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер туралы мәліметтер (олар болған кезде);
6) осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қараудың не жоюдың болмауы немесе қажеттігі туралы ақпарат.
12. Техникалық комитеттердің стандарттар әзірлеу бойынша ұсыныстары стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бөлігінде техникалық комитеттер жұмыс жоспарларын есепке алып, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім түрінде ресімделеді.
13. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға және стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу қажеттігіне өткізілген алдын ала талдауды есепке алып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттарға талдау негізінде енгізіледі.
14. Мемлекеттік органдар мен техникалық комитеттер жүзеге асыратын стандарттау саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім түрінде ресімделеді.
15. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де мәліметтер көздері негізінде (қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, техникалық регламенттердің, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардың және нормативтік құқықтық актілердің ұлттық және мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге бағытталған стандарттарда қосымша талаптарды белгілеу мүмкіндіктерін талдау) енгізіледі.
16. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайды, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескереді.
17. Ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес келіп түскен өтінімдерге талдау жүргізеді және ұлттық жоспардың жобасын қалыптастырады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Ұлттық жоспарды әзірлеу, келісу және бекіту
18. Ұлттық жоспардың жобасын ұлттық орган осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұлттық жоспар жобасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша код;
2) стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы;
5) жұмыстарды орындау мерзімдері (әзірлеуді бастау және жобаның түпкілікті редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну);
7) өтінім берген ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
8) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары.
19. Ұлттық жоспардың жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей ұлттық стандарттау жүйесінің барлық мүдделі субъектілерінің қарауы үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында күнтізбелік алпыс күнге орналастырылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Ұлттық орган ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерін ұлттық жоспар жобасының орналастырылуы туралы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ескертулер мен ұсыныстар бергеннен кейін ұлттық орган пікірлер жинағын қалыптастырады және ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырады. Ұлттық орган 19-тармақта көрсетілген күнтізбелік 60 күн ішінде ұлттық жоспардың жобасын жария талқылауды және оған шолулардың қысқаша мазмұнын жүргізеді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Жария талқылау қорытындысы бойынша ұлттық орган мемлекеттік органдар өкілдерінің және ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің қатысуымен ұлттық жоспар жобасын түпкілікті қарауды жүргізеді.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Ұлттық орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға ұлттық жоспар жобасының түпкілікті редакциясын жібереді.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24. Ұлттық жоспардың жобасына ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерінен келіп түскен түсіндірме жазба және ұлттық жоспарға ұсынылған ұсыныс-өтінімдер қоса беріледі. Түсіндірме жазбада келіп түскен ұсыныстардың саны, оның ішінде қабылданбау себептерін көрсете отырып, ұсынылған және қабылданбаған ұсыныстардың саны, жоспарланған жұмыстардың түрлері туралы ақпарат қамтылады.
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25. Ұлттық жоспар уәкілетті органның бұйрығымен жоспарланатын жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей бекітіледі және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында жарияланады.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тарау. Ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі
26. Ұлттық жоспарға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің қажеттілігі мен орындылығын көрсете отырып қалыптастырады және уәкілетті орган бекітеді.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұлттық жоспарға өзгерістер стандарттау жөніндегі құжаттардың атауы, әзірлеу үшін негіздер және негізгі нормативтік база, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарды Ұлттық жоспардан алып тастау жөніндегі мәліметтер бөлігінде енгізіледі.
Ұлттық жоспарға толықтырулар стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу туралы жаңа мәліметтерді енгізуді көздейді. Стандарттарды әзірлеу жөніндегі қосымша енгізілген тақырыптар Үкіметтің тапсырмасы бойынша Жоспардың жобасына енгізілетін стандарттарды әзірлеу жөніндегі тақырыптарды қоспағанда, салалық мемлекеттік органмен және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетпен (мемлекетаралық стандарттар үшін) келісілуі тиіс.
Ұлттық стандарттау
жоспарын әзірлеу қағидаларына
1-қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.09.2023 жылғы № 351-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  20__ жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары

р/с

СМЖ коды (СЖ (ИСО/ ИНФО СМЖ) 001 – 96 бойынша)

Стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы

Әзірлеу негізі

Негізгі нормативтік база

Жұмыстарды орындау мерзімдері

Қаржыландыру көзі

Өтінім берген ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары

әзірлеудің басталуы

уәкілетті органға бекітуге түпкілікті редакцияны ұсыну

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1 бөлім. Республикалық бюджет қаражаты есебінен әзірленетін стандарттар

1.1 Негізгі ұлттық және мемлекетаралық стандарттар


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

1.2 Техникалық регламенттердің тізбелеріне өзара байланысты ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттар


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

1.3 Экономика секторларындағы ұлттық және мемлекетаралық стандарттар


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

1.4 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіштері


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2 бөлім. Өзге қаржыландыру көздері есебінен бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар (ұлттық және мемлекетаралық стандарттар, Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ұсынымдар)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министірінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына
2-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. «Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6277 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) санында жарияланған).
2. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8403 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) санында жарияланған).
3. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8974 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 161 (28385) санында жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi