Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 891 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18021 болып тіркелді
Редакция 31.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
 2018 жылғы «____» _____________
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 891 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда № 22 (28246) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
«10. Құжаттарды қабылдау және Авиациялық персонал куәліктерін беру немесе қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік туралы және арнайы белгілерді енгізуді «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«12. Авиациялық персонал куәлігін беру мерзімі немесе қолданылу мерзімін ұзарту 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:»;
«5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңының 80-бабына сәйкес құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);»
19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:»;
20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші тмендегі құжаттарды ұсынады:»;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:»;
22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:»
23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәліктерінің мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:»;
26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:»;
27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәліктің қолдану мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:»;
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:»;
44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Біліктілік белгілері әрекет мерзімі айдың соңына дейін ұзартылады, сол уақытта олардың әрекет ету мерзімдері аяқталады.
Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 90 күннен 1 (бір) жылға дейінгі мерзім шегінен өтіп кеткен болса, біліктілік белгілерінің әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 1 (бір) жылдан астам өтіп кеткен болса, олардың әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.»;
47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Куәлігіне біліктілік және арнайы бағаларды енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:»;
50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«50. «В1» немесе «В2» санаттары бойынша Куәлікке біліктілік белгісін «Ratings» бағанға енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:»;
51-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Куәліктің «Ratings» біліктілік бағанынына «С» санаты белгілерін енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
«4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.»;
мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;
«6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды он бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.»;
«12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган төрт жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.»;
«14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.
Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.
15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.
16. Уәкілетті орган үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді. Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады, оған екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификаттың қолданылу саласы жатпайды.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Көлік
 және коммуникация министрінің 
және Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
 министрлігінің өзгерістер мен
 толықтырулар енгізілетін 
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi