1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 68-69, 505-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2022
"Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 824 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 15.09.2022 жылғы № 1014 Жарлығына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 824 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-тарау. Кіріспе
Тұжырымдама "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларына, оның ішінде "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына", жан-жақты жаңғырту басымдықтарына, Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) сессияларында берілген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.
2017 жылы Қазақстанда жаңғырудың екі аса маңызды процесі - конституциялық реформаларға арқау болған саяси жаңғыру, сондай-ақ жаңа экономикалық жолға бет бұру процесіне бастау болған Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды.
2017 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Онда Мемлекет басшысы "Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып ғана қоймай, олардың өзегіне айналады" деп атап өтті. "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында баяндалған.
2018 жылғы наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастаманы ұсынды, ол ауқымды әлеуметтік жаңарулар мен әлеуметтік игіліктің ұлттық моделін қалыптастыру процесінің бастауына айналды.
Осылайша, Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғырудың тұтас бағдарламасын іске асыру басталды. Олардың түпкілікті мақсаты - әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру.
Осыған байланысты мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы саясаттың стратегиялық басымдығы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына қоғамды жұмылдыруға бағытталған Қазақстанды жан-жақты жаңғыртуды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Бүгінгі күні рухани жаңғыру шеңберінде қоғамды ұйыстырушы жалпыұлттық тарихи сананы ілгерілету және ұлтты біріктіретін құндылықтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүл халықтың өткенін, бүгіні мен ертеңін жалғайтын, ұлттық сананың әртүрлі полюстерін біріктіретін тұғырнама.
Осы тұрғыдан алғанда, "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасы Қазақстан этностарын одан әрі біртұтас халыққа және біртұтас саяси ұлтқа айналдыруға, "көптүрліліктің бірлігі" қағидаты бойынша мәдени әр-алуандылықты сақтауға, қазақстандық қоғамда этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияның жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған.
2-тарау. Ахуалды талдау
Полная версия