Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18544 болып тіркелді
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.02.2023 жылғы № 8 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 57-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында валюталық операциялардың мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды..
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.02.2023 жылғы № 8 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)