Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 361 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 361 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 582-құжат).
2. «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 34-35, 249-құжат).
3. «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 255-құжат).
4. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 және «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2016 жылғы 14 шілдедегі № 400 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 31-32, 174-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Полная версия