Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18768 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.10.2022 жылғы № 1110 Бұйрығына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13553 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4,5-тармақтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары–
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2019 жылғы № 1296 Бұйрығына сәйкес (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (31.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.08.2021 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.10.2022 жылғы № 1110 Бұйрығына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.10.2022 жылғы № 1110 Бұйрығына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
1.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылғанда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.