Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 наурызда № 13553 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 01.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2019 жылғы № 521 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:
«4. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі;
4) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен және 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68 және 69-тарақтармен толықтырылсын:
«6. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
31. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінде Заңда және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен біліктілік іріктеуінен өткен өнім берушілердің тізілімін қамтуға тиіс.
32. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
33. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне мәліметтер енгізу кезінде мыналар көрсетіледі:
1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;
2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
Полная версия
ИС BestProfi