Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 531 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:
«7. Қор өзінің интернет-ресурсында орналастырылған, қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
​ № 531 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі

Р/с №

Есептіліктің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы)

(1-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

2.

Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері

(2-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен бастап күнтізбелік 80 күн өткеннен кейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

1

2

3

4

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп

(3-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

4.

Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп

(4-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

5.

ИИДМБ, Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат

(5-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай

ПӘ, ПМК, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

6.

Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат

(6-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 6-нысанда көрсетілген мерзімдерде

ПӘ, ПМК, ЦДИАӨМ, ЕК (келісу бойынша)

7.

Қордың бюджеттік инвестициялары мен кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп

(7-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

1

2

3

4

8.

Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат

(8-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ЦДИАӨМ

9.

Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды, акцияларды (қатысу үлестерін) сыныптау әдістемесіне сәйкес Қор тобының құрылымы

(9-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 сәуіріне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

10.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп

(10-нысан)

Даму жоспары бекітілгеннен кейін және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін екі апта ішінде

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша), СҚА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша)

11.

Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтың себептері туралы ақпарат

(11-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 наурызына дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

12.

«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелестік ортаға беру туралы есеп

(12-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

1

2

3

4

13.

Қордың корпоративтік орталығы бойынша акционердің пайдасына есептелген өзге де бөлулер туралы Қордың ақпараты

(13-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

14.

Қор акцияларының мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер туралы есеп

(14-нысан)

жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі 10 наурызға дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Полная версия
ИС BestProfi