Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес 
Редакция 27.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
2) мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
3) Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын  мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 қазандағы
 № 1384 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2021 жылғы № 949 Қаулысына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есептілік – есептілік объектісінің қызметі туралы ағымдағы ақпарат негізінде жасалатын, Қорға және/немесе ұйымға беру үшін ақпарат жинау, өңдеу және/немесе қолда бар ақпаратты жүйелеу, оны жаңарту және осындай өзге де әрекеттерді жүзеге асыру талап етілетін Қордың және/немесе ұйымның белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі жұмысының нәтижелері мен шарттары туралы мәліметтердің жиынтығы.
Өзге ұғымдар мен анықтамалар Қағидаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланылады.
3. Осы Қағидаларда көзделген есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбеге, нысандарға және кезеңділікке сәйкес тиісті ақпаратты Қордың интернет-ресурсына орналастыру және мемлекеттік органдарға қолжетімділік беру арқылы ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбеде көзделмеген есептілікті Қор және ұйымдар мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Қор және (немесе) ұйымдар ақпаратты көрсетілген  нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен береді.
Мемлекеттік органдарға ақпарат, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша Қор және (немесе) ұйымдар орындаушылар немесе бірге орындаушылар болып табылатын жағдайда, осы тапсырмаларды орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бұйрықтарымен Қорға және (немесе) ұйымдарға бекітілген тиісті тармақтарды орындау үшін не оның сұраулары бойынша беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi