Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 531 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:
«7. Қор өзінің интернет-ресурсында орналастырылған, қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 531 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Р/с № |
Есептіліктің атауы |
Орналастыру кезеңділігі |
Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (1-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
2. |
Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері (2-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен бастап күнтізбелік 80 күн өткеннен кейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
1 |
2 |
3 |
4 |
3. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (3-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
4. |
Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (4-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
5. |
ИИДМБ, Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат (5-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай |
ПӘ, ПМК, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
6. |
Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (6-нысан) |
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 6-нысанда көрсетілген мерзімдерде |
ПӘ, ПМК, ЦДИАӨМ, ЕК (келісу бойынша) |
7. |
Қордың бюджеттік инвестициялары мен кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп (7-нысан) |
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
1 |
2 |
3 |
4 |
8. |
Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (8-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, ЦДИАӨМ |
9. |
Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды, акцияларды (қатысу үлестерін) сыныптау әдістемесіне сәйкес Қор тобының құрылымы (9-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 сәуіріне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
10. |
Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп (10-нысан) |
Даму жоспары бекітілгеннен кейін және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін екі апта ішінде |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша), СҚА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша) |
11. |
Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтың себептері туралы ақпарат (11-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 наурызына дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
12. |
«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелестік ортаға беру туралы есеп (12-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
1 |
2 |
3 |
4 |
13. |
Қордың корпоративтік орталығы бойынша акционердің пайдасына есептелген өзге де бөлулер туралы Қордың ақпараты (13-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
14. |
Қор акцияларының мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер туралы есеп (14-нысан) |
жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі 10 наурызға дейін |
ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы