Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2020
Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-127 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 қыркүйекте № 19383 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 16 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-169/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар бойынша есептілікті жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12083 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Л. Актаева
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
 2019 жылғы 16 қыркүйектегі
 № ҚР ДСМ-127 бұйрыққа
1-қосымша
Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары
1. Осы Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және халық арасындағы инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар және уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу және есепке алу тәртібі
2. Халық арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу және есепке алу науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан, аурудың анықталған орны бойынша жүргізіледі.
3. Медициналық ұйымдарда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесінің 1, 2 - тармақтарына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар жеке есепке алынуға жатады.
Полная версия
ИС BestProfi