Близость слов: Окончание:





Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19612 болып тіркелді
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.11.2025 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысымен (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдауды қамтамасыз етсін.
3-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысымен
бекітілген
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 жылғы № 43 Қаулысымен (08.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – заңды тұлға, заңды тұлғалар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі айқындалады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.11.2025 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысымен (10.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi