БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 825 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19584 болып тіркелді
Редакция 21.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министр Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 825 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 242 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6989 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 5 шілдедегі № 94 (1910) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесінде:
«Лауазымдар атауы» деген бағанның тоғызыншы жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның - «Достық станциясы», «Нұр-Сұлтан станциясы» филиалдарының директорлары»;
Теміржол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің нұсқаларының қосымшасын, осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы 2011 жылғы № 29 жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта:
Полная версия