Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидентбанктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19680 болып тіркелді
Редакция 01.12.2025 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (29.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.11.2025 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және  құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.  
2. Осы қаулыға қосымшаға  сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.  
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7. 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін мыналардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
1) осы қаулының тақырыбы, тоқтатыла тұру кезеңінде осы қаулы тақырыбының мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 
2) осы қаулының 1-тармағының, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және  құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
3) Қағидалар тақырыбының, тоқтатыла тұру кезеңінде Қағидалар тақырыбының мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары»;
4) Қағидалардың 1-тармағының, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
Полная версия
ИС BestProfi