Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 925 қаулысы
Редакция 30.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 925 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі».
2.«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
«Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы әдiлет департаментінің Байқоңыр ауданы әдiлет басқармасының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
3. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысында:
«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (29.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия