Близость слов: Окончание:





Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19784 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (26.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы министрінің 11.09.2024 жылғы № 619 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (26.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі (бұдан әрі – Тауарлар тізбесі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2023 жылғы № 1321 Бұйрығына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (бұдан әрі – Тізбесі).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін, Тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 9-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.04.2020 жылғы № 379 Бұйрығына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.06.2020 жылғы № 615 Бұйрығына сәйкес (13.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.10.2020 жылғы № 1006 Бұйрығына сәйкес (19.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 жылғы № 253 Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (26.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1127 Бұйрығына сәйкес (04.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.11.2022 жылғы № 1178 Бұйрығына сәйкес (13.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.03.2023 жылғы № 278 Бұйрығына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2023 жылғы № 1321 Бұйрығымен (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 11.09.2024 жылғы № 619 Бұйрығымен (26.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1.

Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2023 жылғы 1 сәуір

2.

Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі

2023 жылғы 1 сәуір

3.

Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

2023 жылғы 1 сәуір

3-1.


3-2
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 5) тармақшасына сәйкес газохол, бензол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын.
Өндірілуі мен айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сұйытылған мұнай газы
2024 жылғы 15 наурыз


2024 жылғы 1 желтоқсан

4.

Қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар

2023 жылғы 1 сәуір

5.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2023 жылғы 1 сәуір

6.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2023 жылғы 1 сәуір

7

ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2023 жылғы 10 ақпан

8

ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2023 жылғы 10 ақпан

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 жылғы № 253 Бұйрығымен (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығымен (26.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 401 Бұйрығымен (01.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.03.2023 жылғы № 278 Бұйрығына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары
1. Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабына «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi