Близость слов: Окончание:





"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 979 қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 979 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 21-129-жол мынадай редакцияда жазылсын:
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (23.08.2023 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (19.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 116-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".
Полная версия
ИС BestProfi