Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19984 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12672 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған);
2) «Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 628 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17177 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 30 шілдеде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 ақпаны № 104
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау тәртібін айқындайды.