Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2022
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 20047 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)  «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында:
«11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы»;
2) «Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №1000 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12555 болып тіркелген):
Осы бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларында:
«1. Осы Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды (бұдан әрі - кандидат) іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадрлық болжам – кадрлардың болашақ жағдайы мен даму бағыттары туралы дәлелді ұсыныстар жүйесі;»;
«2-тарау. Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды алдын ала зерделеу және іріктеу тәртібі»;
«4. ІІО-ға кадрларды іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №998 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12679 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес кадрлық болжамды ескере отырып жүзеге асырылады.
5. ІІО-ға кадрларды іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14305 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес анықталады.
6. ІІО-ға қызметке (оқуға) түсетін азаматтар үшін жас ерекшеліктеріне шектеулер Заңмен анықталған:
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық, психологиялық-физиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру дайындығының талаптарына сәйкестігін және кәсіби құзыреттерге сәйкестігін тексеру Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №77 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13199 болып тіркелген) Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы №939 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12834 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14305 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады».
«17. ІІМ-нің кадр аппараты ІІО-ға қызметке бірінші рет түсетін кандидаттарды қоспағанда, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет өткермеген кандидатты ІІО-ға қызметке ресімдеу кезінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11357 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне зерделейді.
2.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
Полная версия
ИС BestProfi