Близость слов: Окончание:





Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20123 болып тіркелді
Редакция 23.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы 2011 жылғы №23 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №187 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 болып тіркелді 2011 жылғы 8 маусымда №180 (26601) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) күші жойылды деп есептелсін.
3. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 наурыздағы № 211
бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері
Осы Негіздер өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 жылғы № 726 Бұйрығымен (13.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.11.2020 жылдан бастап)
Осы Негіздер өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығымен (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Негіздер жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 17.01.2023 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (14.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі-Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленген және ол бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу тәртібі мен ішкі істер органдарына түсетін тұлғалардың одан өту шарттарын, сондай-ақ білім алушыларды бастапқы кәсіби даярлықтан шығару негіздемелерін айқындайды.
2. Ішкі істер органдары (бұдан әрі-ІІО) қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына кандидаттардың қабылдануы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі -ІІМ) білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң ғана жүзеге асырылады.
3. Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлауға іріктеуді ұйымдастыру
4. ІІМ орталық аппаратының кадр саясаты бөлінісі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтерінің бөліністері берген өтінімдер негізінде келесі күнтізбелік жылға арналған алғашқы кәсіби оқытудың жоспар-кестесін әзірлейді және ішкі істер Министрі бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi