Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 наурызда № 20144 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.05.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес 
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілік тізбесі, ұсыну мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп» нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп» нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері қозғалысының болжамы» нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер» нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы мәліметтер» нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері туралы мәліметтер» нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік қатер түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік төлемдерді алушылар санының және сомаларының динамикасы» нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына қайтарылған артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасының түсуі туралы мәліметтер» нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы есеп» нысаны айқындалсын.
2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi