Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 20392 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес  
1. «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20275 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді тоқтатсын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар беруді Қағидаларға сәйкес жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті фитосанитариялық және (немесе) ветеринариялық сертификаттары (тауарлардың бақылануына қарай) болған жағдайда ғана осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйекте қолданылуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 14 сәуірі № 123
бұйрығына
1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi