«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.09.2025 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.09.2025 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ұлттық пантеон (бұдан әрі – Пантеон) – аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын.
3. Пантеон Астана қаласының аумағында астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында орналасқан.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.09.2025 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшылары, мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
5) «Алтын қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;
6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұбайының, жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Пантеонда мәйітті жерлеу үшін мынадай іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады:
8. Діни ғұрыптар мен рәсімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жерлеу туралы шешім қабылдау кезінде қайтыс болғанның (қаза тапқанның) еркі немесе жұбайының, жақын туыстарының не қайтыс болғанның (қаза тапқанның) заңды өкілінің тілегі ескеріледі.
1. «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 307 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 146-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 690 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 337-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 20, 181-құжат).