Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2023
Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20498 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 08.12.2023 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырылған Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 226 бұйрығымен бекітілген
Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеуді айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.11.2022 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Заңмен сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) тұрғын үй көмегі - аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
Полная версия