Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20666 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10664 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларының реттік нөмірлері 1-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығымен (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген түріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды
Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі –Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
2.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) лицензияланатын қызмет түрінің өтініш берілген түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника
Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен шарттары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігіні растайтын реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен
шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 84 Бұйрығымен (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығымен (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді қызметтің көрсетілген түріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды
Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
2.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) өтініш берілген қызметтің түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника
Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру
жөніндегі қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен шарттары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестікті растайтын ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге
асыру жөніндегі қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен шарттары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.05.2026 жылғы № 233-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер: