Близость слов: Окончание:





«Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20676 болып тіркелді
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17414 болып тіркеліп, 2018 жылғы 27 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 19 мамырдағы
 № 41 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1340 бұйрығымен
бекітілген
Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары
1. Осы Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауар таңбаларын, тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеуді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беруді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
2) ДЗМҰ – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы;
Полная версия
ИС BestProfi