«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелді
Редакция 15.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Бекітілсін:
1) «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1 қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
Полная версия