Близость слов: Окончание:





Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 28 мамырдағы
 № 61 бұйрығына
1 қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі-Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығымен (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi