Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2023
«Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 шiлдеде № 20979 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 20 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес 
1. «Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму министрлігі,
және аэроғарыш өнеркәсібі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 10 шілдесі
№ 395 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 539 бұйрығымен
бекітілген
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары
1. Осы Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру» ммлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың немесе уәкілетті өкілдің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб - порталына (бұдан әрі - портал) жүгінуі арқылы көрсетеді.
5. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты) сәйкес құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және қабылдау және беру күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттардан электрондық көшірмелерді шығарады және өтінімге тіркейді.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі-30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері портал арқылы жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда қызмет берушінің басшысының немесе оны алмастырушы адамдың электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде «Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына сәйкес оларды келісу үшін экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салу жібереді.
Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
12. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салумен бір мезгілде оның түпнұсқалылығын тексеруді растау (бұдан әрі-растау) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен осындай растауды алғаннан кейін береді.
13. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Растауды алғанға дейін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды тексереді.
14. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауапты қарағаннан және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен растауды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат немесе дәлелді бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру мыналар арқылы:
2) портал-электронды жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
18. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мыналармен қарауға жатады:
уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
20. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

30 (отыз) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.


 

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.;

2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.;

3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

3) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушы сертификаты)

4) сыртқы сауда шарты (келісімшарты), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге де құжат.

Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталуға тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілуге және олардың соңғы парақтары көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталуы тиіс.

2. Порталға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

3) алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушы сертификатының) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы электрондық көшірмесі.

4) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге де құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған болса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - www.miid.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі»;

2) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.miid.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.

3) портал - www.egov.kz, www.elicense.kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

«Экспорттық бақылауға жататын
өнімнің кері экспортына рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына
1-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімге қайта экспорттауға рұқсат алу үшін Өтініш

1. Кімге__________________________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

2. кімнен_________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды (нақты) мекенжайы, телефоны

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны))

6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өнімнің атауы және толық сипаттамасы:

8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарт валютасы:

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды

11. Саны:

14. Басшы ________ __________________________________________

қолы (аты-жөні (болан жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________

15. Уәкілетті орган ____________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы))

Өтініш қарауға қабылданды

20__жылғы «____» _________________

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

«Экспорттық бақылауға жататын
өнімнің кері экспортына
рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет көрсету Стандартына
2-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алу үшін* мәліметтер нысаны
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) № және күні) 
заңды тұлға үшін:__________________________; 
2. Жеке басын куәландыратын құжат № , күні, берген мемлекеттік органның атауы 
жеке тұлға үшін:___________ 
3. Өтініш берушіні және кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің № және берілген күні 
жеке кәсіпкер үшін: 
____________________________________________________________________; 
4. Бұрын берілген экспортқа рұқсат беру құжаты бойынша ақпарат 
Қазақстан Республикасынан өнімді: № экспортқа лицензия 
экспорттық бақылауға жататын өнімнің берілген 
күні (күні / айы / жылы) __________________________________________________. 
* шетелдік заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші, туралы анықтаманы уәкілетті органға ұсынады. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініш беруші-заңды тұлға үшін; тұлға - жеке тұлға үшін; туралы куәліктің көшірмесі өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кәсіпкер (нотариалды куәландырылған жағдайда үшін) - дара кәсіпкер үшін кәсіпкер. Онда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. өтініш беруші.
Өнімнің кері экспортына
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
 (Тегі, аты, әкесінің аты
болған жағдайда (бұдан әрі – аты-жөні),
немесе ұйымның атауы
көрсетілетін қызметті алушы)
 _____________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
3) ________________________________________________________.... 
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. 
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т. а. ә.) 
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы) 
Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты _____________ 
Телефон _______________________ 
Алды: ______________________ 
Көрсетілетін қызметті алушының т. а. ә. / қолы 
20__ жылғы «___» _________
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Республиканское государственное учреждение «Комитет индустриального развития и промышленной безопасности»


 


 


 

Нұр-Сұлтан қ.


 

г. Нур-Султан


 


 


 

Нөмірі: [құжат нөмірі]


 

Дата выдачи: [Дата выдачи] год


 


 


 


 


 

[Наименование организации, юридический адрес, БИН/ИИН]


 


 


 


 


 


 

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


 

«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі, сіздің[күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.:


 


 


 

[Қол қоюшының қызметі]


 

[Қол қоюшының аты-жөні (бар болса)]


 


 


 

Өнімнің кері экспортына
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру.

1. Рұқсат №

2. Өтініш білдіруші (заңды (тұрғылықты) мекен-жайы, телефон):

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Соңғы пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны)):

6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. . Өнімнің атауы және толық сипаттамасы:

8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарттың валютасы

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды

11. Саны:

14 Келісілді:

15. Уәкілетті орган ______________________________________________________

(құзырлы органның толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға) ________________________________________

(аты-жөні (болған кезде)

_____________________ қолы

Берілген күні: ____жылғы«___» _________ _________

Қолдану мерзімі: ____ жылғы «___» _________ _________

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

Полная версия
ИС BestProfi