БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2023
«Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 110-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 тамызда № 21045 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 жылғы № 227-нқ Бұйрығына сәйкес
1. «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Мынадай Келесі ққұрылыстағы баға белшідеу белгілеу бойынша нормативтік құжаттар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың щамасын шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құрылыстағы инжинирингтік қызметтер шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыс үшін инженерлік іздестірулердің құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сметалық құжаттамаға деректерді құрылымдықконструктивтік-технологиялық топтастыру жөніндегі нормативтік құжат;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы құрылыс объектілерін пайдалануға беру кезінде іске қосу-баптау жұмыстарының сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат бекітілсін.
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
«1. Осы Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі – Нормативтік құжат) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы № 242 Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес әзірленген.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
Полная версия

