Близость слов: Окончание:





Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21716 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 1-тармағына және 74-5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (24.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 114 Қаулыға 1-қосымша
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар
Осы Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5 және 6-тармақтарында және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 74-5-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi