Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21790 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Патологиялық-анатомиялық диагиостиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 97 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10577 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 14 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-259/2020
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Осы Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 131-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелердің деңгейінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) аралас негізгі ауру – жаңа патологиялық жай-күйге әкелген және өзара іс-әрекет жасай отыра өліммен аяқталатын науқастағы екі және одан көп жетекші қайғының бірлескен жағдайы;
2) астарлас ауру – негізгі аурудың пайда болуы мен дамуында маңызды рөл атқаратын ауру, алайда оның этиологиясы басқаша; негізгі нозологиялық бірліктің астарлас аурумен өзара іс-әрекеті танатогенезді жеңілдетеді және қиындатады;
3) бала жолдасын зерттеу – ұрық және (немесе) ана ауруларын көрсететін патологиялық процестердің диагностикасына бағытталған патологиялық-анатомиялық диагностиканың түрі;
4) бәсекелескен аурулар – науқаста бір уақытта болатын екі және одан көп нозологиялық бірліктер, әрқайсысы жеке өлімге алып келуі мүмкін;
Полная версия
ИС BestProfi