Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21879 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № ҚР ДСМ-144 Бұйрығына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп;
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар туралы есеп;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның қызмет көрсететін ауданында тұратын науқастардың және диспансерлік бақылауда тұрған тіркелген науқастар контингентінің ауруларының саны туралы есеп;