Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 22068 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17 бабының 26-3) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Байер-күйдіру тізбекті-параллель нұсқалы әдісімен сазбалшық өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Конденсаторларды тікелей ағынды салқындату жүйесі бар блоктық үлгідегі электр станцияларына арналған техникалық үлестік нормативтер;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері бекітілсін.
2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi – кәсіпорынның экономикасы үшiн қолайлы шығындар кезiнде олардың нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, шығарылатын өнiмнің бiрлiгiне шаққанда қоршаған ортаға эмиссиялардың шамалары.
3. Қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды ескере отырып, кәсіпорын бойынша тұтастай алғанда барлық циклдарда белгілі бір өнімді алу немесе қызметтер көрсету процесінде құрылатын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының эмиссияларына қойылатын талаптарды белгілесін.
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
1-қосымша
Байер-күйдіру тізбекті-параллель нұсқалы әдісімен сазбалшық өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері
1. Байер-күйдіру тізбекті-параллель нұсқалы әдісімен сазбалшықты өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 26-3) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және Қазақстан Республикасында тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау жөнідегі тапсырмаларды ескере отырып әзірленді.
2. Осы нормативтер сазбалшықты өндіру кезінде қолданылатын үдерістер үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін белгілейді, сазбалшықты алу үдерісі Орталық Қазақстанның кен орындарындағы төмен сапалы бокситтерді Карл Иозеф Байердің гидросілтілік әдісімен және күйдіру әдісімен (бұдан әрі – үдерістер) өңдеуге негізделген және тізілімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Ең озық технологиялар тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 10166 болып тіркелген) бұйрығында келтірілген халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін және тізбесі осы құжатта келтірілген үздік қолжетімді технологияларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сазбалшық өндірісінің жаңа, жұмыс істеп тұрған және жаңғыртылған үдерістеріне таралады.
Полная версия
ИС BestProfi