Близость слов: Окончание:





«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 22092 болып тіркелді
1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 7-1/453 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар
1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi