Близость слов: Окончание:





Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22217 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы» және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары бектілсін.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 12 ақпандағы
№ 24 Қаулыға 1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
Полная версия
ИС BestProfi