Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жұмыс регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 наурызда № 9236 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) қоса беріліп отырған жұмыс регламенті (бұдан әpi – Регламент) бекітілсін.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының), Қаржы полициясы академиясының бастықтары сеніп тапсырылған бөлімшелердің жұмыс регламентін Регламент ережелеріне сәйкестендірсін.
3. Агенттіктің Ұйымдастыру-бақылау департаменті – инспекциясы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жұмыс РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі – Агенттік) оған жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметінің жалпы процесін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес белгілейді.
2. Агенттік Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) Агенттікке жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Төраға Төрағаның орынбасарларының, Аппарат басшысының, Агенттіктің Департаменттері мен дербес басқармалары (бұдан әрі – Агенттік бөлімшелерінің басшылары) бастықтарының лауазымдық міндеттерін белгілейді.
3. Төрағаның ұйымдастыру және ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету, оның тапсырмаларын орындау, Агенттіктің жұмысын жоспарлау, қаржы полициясы органдары қызметінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіруді Ұйымдастыру-бақылау департаменті-инспекциясы (бұдан әрі – ҰБД-инспекция) және Төрағаның аппараты (бұдан әрі – аппарат) жүзеге асырады.
4. Осы Регламенттің талаптары қаржы полиция органдарының барлық қызметкерлері мен жұмысшыларына қолданылады.
2. Жұмысты жоспарлау
5. Агенттік қызметін стратегиялық, тоқсан сайынғы, арнайы және өзге де жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
6. Стратегиялық жоспар – бюджеттік бағдарламалар бойынша оны іске асыру үшін қаржыландыру көлемі көрсетіліп, есептік кезеңге арналған қаржы полициясы органдары қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.
Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде бес жылдық кезеңге әрбір үш жылда әзірленеді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Полная версия

