Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полиция) төрағасының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 мамырда 9472 тіркелді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Агенттіктің Кадрлар басқармасы Қаржы полициясы академиямен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"    
Қазақстан Республикасының    
Білім және ғылым министрі    
_____________ А. Сәрінжіпов    
2014 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық қылмысқа және
 сыбайлас жемқорлыққа қарсы
 күрес агенттігі (қаржы полициясы)
 Төрағасының 2014 жылғы 22 сәуірдегі
 № 146 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидалары
1. Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру тәртібін анықтайды.
2. Қаржы полициясы академиясына тыңдаушыларды ауыстыру тәртібі
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан Академияға ауысу мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде тиісті курста бос орын бар болған жағдайда, сондай-ақ оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, жазғы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан Академияға ауысу рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан Академияға ауысуға ниет білдірген үміткер Академия бастығының атына еркін түрде ауысу туралы өтініш береді. Ауысу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
өзі оқыған жоғары оқу орны басшысының атына ауысу туралы жазылған өтініштің көшірмесі (басшының қолы қойылған және мөрмен бекітілген);
оқу ісі жөніндегі проректор қол қойған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипттің көшірмесі;
ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат;
Полная версия
ИС BestProfi