Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 247 қаулысы
Редакция 24.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.»;
«2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:»;
«1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;»;
«20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион нысандағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;»;
Полная версия
ИС BestProfi