Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 мамырда № 22690 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары бекітілсін.
2. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растауы туралы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 425 Бұйрыққа
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (бұдан әрі – Өтініш) импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының және акциздің төлену фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы тәртібін айқындайды.
2. Өтініш беру Салық кодексінің 456-бабы 3-тармағына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық нысанда не Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес тек электрондық нысанда жүргізіледі.
2-тарау. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тарту тәртібі
3. Мемлекеттік кірістер органдары қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініште жанама салықтарды төлеу фактісін растауды қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда Өтініш және Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өтініштің төрт данасына тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
4. Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және:
белгі қойған лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.
5. Өтініштің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге (салық агентіне) не оның заңды немесе уәкілетті өкіліне (бұдан әрі – өкіл) қайтарылады.
Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойып, Өтініштің тиісті үш данасын алады.
6. Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды қағаз жеткізгіште және электронды нысанда Өтініш түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды жолдау арқылы жүргізеді.
Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің Өтінішті табыс ету міндеті көрсетіледі.
Растаудан уәжді бас тарту екі данада беріледі, бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, растаудан уәжді бас тартудың екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге (салық агентіне) не оның өкіліне табыс етіледі.
3-тарау. Электрондық түрде ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тартуы тәртібі
7. Мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растауды, олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді.
8. Мемлекеттік кірістер органы жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық нысанда Өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда растаудан уәжді бас тартуды салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді.
Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мемлекеттік кірістер органына бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің (салық агентінің) Өтінішті ұсыну міндеті көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының
 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан тауарларды
 әкелу және жанама салықтарды төлеу
туралы өтініште импортталған акцизделетін
 тауарлар бойынша акциздің және
импортталған тауарлар бойынша қосылған
 құн салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
 растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына
1-қосымша
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналы

Тірке у нөмері

Өтінішттерді мемлекеттік кірістер органына табыс еткен күні

Салық төлеушінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш парақтарының саны

Өтінішті тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өтінішті тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының қолы

Өтінішке мемлекеттік кірістер органы белгі қойған күн

Өтініштің үш данасын қолға берген (пошта арқылы жолданған) күн

қолға табыс етілді

пошта арқылы жолданды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердін 3 (үш) данасын алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердің 3 (үш) данасын алған тұлғаның қолы

Белгіні қойған (белгі қоюдан бас тарту туралы хабарламаны дайындаған) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органының белгі қоюдан бас тарту туралы хабарламаны жолдаған күні

11

12

13

14


 

 

 

 


 


 


 


 

Мемлекеттік кірістер органдарының
 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан тауарларды
 әкелу және жанама салықтарды төлеу
туралы өтініште импортталған акцизделетін
 тауарлар бойынша акциздің және
импортталған тауарлар бойынша қосылған
құн салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына
2-қосымша
Жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тарту
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 456-бабы 8-тармағының негізінде _______________________________________________________________ мемлекеттік кірістер органының атауы Сізге ___________________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________________________________________ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтініш бойынша жанама салықтарды төлеу (328.00-нысан) фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі және күні Нөмірі _________________ Күні ___________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________ Салық кезеңі: жылы __________ айы ________________________________ Мынадай себептер бойынша (тиісті ұяшыққа Х көрсетіңіз):

1) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;

2) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректердің салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;

3) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген;

4) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылады;

5) Өтінішті толтыру «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)» Салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес келмейді;

6) Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған.

Анықталған бұзушылықтардың мәні ___________________________________________________________________ Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес Сіз растаудан уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, жаңа Өтінішті ұсынасыз. Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары) ___________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілгені (жіберілгені) туралы белгі: _____________________________________________________________ мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні Алғаны туралы белгі _______________________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні Алған күні ______________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органдарының
 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан тауарларды
 әкелу және жанама салықтарды төлеу
туралы өтініште импортталған акцизделетін
 тауарлар бойынша акциздің және
импортталған тауарлар бойынша қосылған
 құн салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
 растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына
3-қосымша
Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама
Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі ХХХХХХХХХХХХ Сатып алушының атауы _____________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректемелері ХХ.ХХ.ХХХХ № ХХХХХХХХ Салық кезеңі:____________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі_______________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің тіркелген күні______________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарылған өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі __________________________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы түзетілген өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі __________________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органының коды ХХХХ Жанама салықтарды төлеу фактісін растаған мемлекеттік кірістер органы лаузымды адамының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________________________________ Жанама салықтарды төлеу фактісін растау күні _____________________
Қолданбалы сервердің қолы Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі\Өтініштің тіркеу нөмірі\ _парақ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 425 Бұйрыққа
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы және растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары
1. Мемлекеттік кірістер органдары уәжді бас тартуды шығару жағдайлары болмаған кезде берілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке (бұдан әрі – Өтініш) сәйкес импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды жүргізеді.
2. Импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығыны төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуы мынадай:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;
3) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректер салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;
4) Өтінішті толтыру «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)» салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес емес келмеген;
5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылған;
6) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген жағдайларда жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi