Близость слов: Окончание:





Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысы
Редакция 25.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 6 мамырдағы № 305
қаулысымен бекітілген
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алғашқы ден қою шаралары – терроризм актісінің қатері немесе жасалғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етуге бағытталған, объект персоналы және күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қабылдайтын бірінші кезектегі іс-шаралардың, сондай-ақ терроризм актісінің ықтимал салдарын барынша азайту және жою (шұғыл (алғашқы) ден қою күштерінің алғашқы және тергеу әрекеттерін жүзеге асыруына көмек көрсету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және басқалары) жөніндегі іс-қимылдардың кешені;
2) байланыс жүйесі – ақпаратты (ақпарат) беруге (алмасуға), объектінің күзет қызметінің жұмысын жедел басқаруға арналған техникалық құралдар мен арнайы бөлінген байланыс арналарының жиынтығы;
3) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, тексеріп қарауды қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;
4) бақылау-із кесу жолағы – беті табиғи күйде немесе арнайы өңдеуден кейін бұзушылардың ену іздерінің көрінетін таңбасы тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ететін жергілікті жердің жолағы;
5) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 600 Қаулысына сәйкес (22.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) инженерлік-техникалық нығайтылу – объектіге не оның бөліктеріне санкциясыз енуге қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер, инженерлік, техникалық құралдар және (немесе) олардың жиынтығы;
7) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;
8) күзетілетін аймақ (учаске) – күзетілетін аумақ, сондай-ақ объектіде бөлінген аймақтар (учаскелер), ғимараттардың (құрылыстар мен құрылыс ғимараттарының) бөліктері, үй-жайлар және олардың құрылымдық элементтері;
Полная версия
ИС BestProfi