Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 04.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (14.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 маусымдағы № 386
 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 маусымдағы № 386
 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары  
1. Осы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Құқықтық актілер туралы» заң) 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заң) 4-бабына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына (бұдан әрі – халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми сараптама қорытындысы – жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелерін көрсететін, заңнаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат;
2) сараптама комиссиясы – ғылыми сараптама жүргізу мақсатында құрылған құрамында кемінде екі сарапшы бар топ.
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама «Құқықтық актілер туралы» Заңның 30-бабы 2-тармағында, 33-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми сараптамасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық, ғылыми экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізіледі.
Ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі – Парламент) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.
Полная версия
ИС BestProfi