«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Құқықтық актілер туралы» заң) 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заң) 4-бабына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына (бұдан әрі – халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібін айқындайды.
1) ғылыми сараптама қорытындысы – жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелерін көрсететін, заңнаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат;
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама «Құқықтық актілер туралы» Заңның 30-бабы 2-тармағында, 33-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми сараптамасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық, ғылыми экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізіледі.
Ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі – Парламент) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.